17.11.2006, 10:06 2881

Бішкекте сериялы қылмыс жасаған күдікті қолға түсті

БІШКЕК. 16 қараша . Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасының құқық қорғаушылары бірнеше адамды өлтірген күдікті жас жігітті ұстады. Бұл ақпаратты Бішкек қаласының ішкі істер бас басқармасы (ІІББ) растады.

Қолда бар ақпаратқа қарағанада, ұсталған Бішкек қаласының тұрғыны 24 жастағы жігіт республикалық жүйке аурулары диспансеріне есепке алынған. Оны зардап шеккендер танып отыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 10 қарашадан бастап Бішкектің оңтүстік аудандарында адамдарға бірнеше мәрте шабуыл жасалған. Құқық қорғаушылардың тұспалы бойынша, барлық қылмысты бір адам жасаған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 7 адам қылмыскердің қолына түсіп, оның үшеуі пышақ жарақатынан қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізілген. Биресми ақпарат бойынша, зардап шеккендер әлдеқайда көп. Қылмыскер жеке адамдарға шабуыл жасаған, оның құрбандарын таңдамағаны байқалады.

Маньякты іздестіруге шамамен 600 милиция қызметкері жұмылдырылды. Олар фоторобот жасап , қалаға жаппай таратқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны