04.05.2011, 13:15 3429

БҚО газ құбыры жарылып, бір жұмысшы қаза тапты

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында газ құбыры жарылып, технологиялық компрессордың машинисі қаза тапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің аға маманы Бибігүл Нұрмұханова мәлім етті.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - БҚО газ құбыры жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында газ құбыры жарылып, технологиялық компрессордың машинисі қаза тапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің аға маманы Бибігүл Нұрмұханова мәлім етті.

"Жаңақала" компрессор стансасы аумағындағы қысымды теңестіру кезінде "Орта Азия Орталығы" газ құбыры резервінде жарылыс пайда болып, алапат өрт шықты. Салдарынан оқиға орнында жарақат алған технология компрессорының машинисі К.Сисенғалиев қаза тапты", - деп хабарлайды Б. Нұрмаханова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны