18.04.2011, 12:26 3717

БҚО құтқарушылар 53 жастағы азаматтың денесін тапты

БҚО құтқарушылар 53 жастағы азаматтың денесін тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - сәуір. Kazakhstan Today - БҚО құтқарушылар 53 жастағы азаматтың денесін тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Родник" саяжай аумағын тесеру барысында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Орал қаласының Деркөл елді мекенінде тұратын 1958 жылы дүниеге келген адаматтың мәйіті табылды", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Ведомствоның атап өуінше, оның қаза табу себебі туралы толық ақпарат сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны басталғаннан бергі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 615 адамды құтқарып, 8 мың 852 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 150-і - балалар. Өздері тұрып жатқан жерге осы уақытта 1 мың 787 адам қайтып үлгерді. Су тасқынының астында 8 мың 625 үй қалған. Олардың 1 мың 479-ы тұрғын үйлер. Ал саяжайлар саны 7 мың 146-ны құрап отыр.

Су тасқынының салдарын жоюға төтенше жағдайлар саласының жеке құрамынан 258 адам жұмылдырылған. Ведомство міндетін 42 қайық, 53 техника мен 1 АН-30 ұшағы мен төтенше жағдайлар саласының 2 тікұшағымен жүзеге асыруда. Сондай-ақ бұл жұмыстарға 995 адам мен 245 коммуналдық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың және өзге де бірқатар құрылымдарды техникалары жұмылдырылуда.

Фото: nashaagasha.org.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны