22.04.2011, 13:34 4427

БҚО жарықсыз қалған абоненттердің 93 пайызға жуығы электр жарығымен қамтамасыз етілді

БҚО жарықсыз қалған абоненттердің 93 пайызға жуығы электр жарығымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - БҚО жарықсыз қалған абоненттердің 93 пайызға жуығы электр жарығымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы тасқыннан кейін электр жарығысыз қалған абоненттердің 93 пацызға жуығы жарықпен қамтамасыз етілген қамтамасыз етілді, деп хабарлады республиканың индустрия және жаңа технологиялар минстрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің баспасөз қызметінен.

"Жедел ақпараттарға сәйксе, Оралда электр жарығымен 3 мың 672 абонент, Тасқала ауданы бойынша 420 абонент, Зеленов ауданы бойынша - 718 абонент қамтамасыз етілген. Соңғы мәліметтерге сәйкес апаттық бригада күштерімен 4 мың 810 абонентті электр жарығымен қамтамасыз ету қалпына келтірілген, ол шамамен 93% құрайды", - деп көрсетілген жұмада таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тасқынның белең алуының бастапқы кезеңінде, яғни 13 сәуірдегі жағдаймен 5 мың абонент жарықсыз қалған болатын.

Фото: uralsk.info

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны