20.05.2011, 11:15 2839

БҚО жергілікті тұрғын артиллериялық снаряд тауып алған

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында жарғышы бар артиллериялық снаряд табылған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Астана. 20 - мамыр. Kazakhstan Today - БҚО жергілікті тұрғын артиллериялық снаряд тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында жарғышы бар артиллериялық снаряд табылған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қауіпті зат кеше кешкісін Бөрлі ауданы аумағында табылған. "Жергілікті тұрғын жол жиегінен снарядқа ұқсас зат тауып алды. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында аталған заттың ұзындығы 31 см, диаметрі 7 см болатын артиллериялық снаряд (жарғышы бар) екендігі анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлері келгенше жарылғыш зат табылған аумақты қоршауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны