11.06.2013, 10:24 3424

БҚО-да суға кеткен баланың мәйіті алты күннен кейін табылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, баланың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар екінші маусым күні таңертең Ақжайық АІІБ-нің кезекшілік бөліміне түскен.

Орал. 11-маусым. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында Жайық өзеніне батып кеткен бірінші сынып оқушысының мәйіті алты күннен кейін табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, баланың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар екінші маусым күні таңертең Ақжайық АІІБ-нің кезекшілік бөліміне түскен. Тоғыз жастағы бірінші сынып оқушысының әкесі ұлының 1 маусым күні кешке үйден серуендеуге шығып кеткенін хабарлады. Оны адамдар соңғы рет үйден 250 метр жердегі Жайық өзенінің жағалауында көрген екен. Жағалаудан баланың киімі табылған. Мәйітті БҚО судан құтқару қызметінің қызметкерлері іздеді.

"Жанама ауылынан баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Бұл елді мекен бала жоғалған Тайпақ ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан. Туыстары мәйітті таныды", - деп хабарлады БҚО ТЖД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Арыстаналев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны