16.02.2011, 12:52 3652

БҚО-да Түркияның екі азаматы қар құрсауынан құтқарылды

БҚО Түркияның екі азаматы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - БҚО Түркияның екі азаматы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше, 15 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары көліктері айдалада сынып қалған екі Түркия азаматын құтқарған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Ақжайық ауданы "Орал-Атырау" тасжолының 265-ші шақырымында екі адам мінген "Мерседес-Бенц" жүк көлігі сынып қалғандығы туралы хабар келіп түсті. Көлік 22 тонна алюминий тасымалдап бара жатқан көрінеді.

Құтқарушылар көлікті Тайпақ кентіне сүйреп жеткізді. Түркия азаматтары дін аман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны