10.08.2016, 19:49 15629

БҚО-да жарылыстан зардап шеккен адам көз жұмды

Батыс Қазақстанда жанар-жағар май бекетінде болған жарылыстан қатты зардап шеккен екінші азамат та қайтыс болды. Бүгін түнде жантәсілім еткен оныӊ денесініӊ 95 пайызы күйіп қалған еді

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда жанар-жағар май бекетінде болған жарылыстан қатты зардап шеккен екінші азамат та қайтыс болды. Бүгін түнде жантәсілім еткен оныӊ денесініӊ 95 пайызы күйіп қалған еді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақсай қаласына кіреберістегі жекеменшік жанар-жағар май бекеті осыдан бірнеше күн бұрын отқа оранып, күлі көкке ұшқан еді. Иуелі сұйытылған отын құйылған екі бөшке өртеніп, кейін қызметкерлер бөлмесін де жалын шарпыған. Тәртіп сақшылары осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғаса да, әлі күнге дейін оныӊ нақты себептері айтылар емес. Айта кетейік, жарылыстан кейін ауруханада естерін жинамастан қайтыс болған екі адам Қарақұдық ауылдық аймағы әкімініӊ көлік жүргізушісі мен жанармай бекетініӊ қызметкері болатын, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны