18.01.2011, 14:04 3530

Бразилияда болып жатқан су тасқыны құрбандарының саны 670 адамнан асып жығылады

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында болып жатқан су тасқыны құрбандарының саны 670 адамнан асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлауда.

Астана. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында болып жатқан су тасқыны құрбандарының саны 670 адамнан асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлауда.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, лай көшкінінен Нова-Фрибургу қаласы қатты зардап шегіп отыр, онла 312 адам қаза тапса, Терезополис қаласында - 276 адам, Петрополис және Сумидоуру қалаларында сәйкесінше 58 және 19 адам құрбан болған. Бұл қалалардың бәрі таулы аймақта, Рио қаласының солтүстігіне қарай 100 шақырым жерге орналасқан. Аталған қалалардың муниципалдық өкіметтерінің тізімдерінде 672 адамның қаза болғаны көрсетілген.

12 қаңтарға қараған түні болған қатты нөсерден кейін Рио-де-Жанейро штатының тауды бөлігіндегі бірнеше қалада үлкен лай көшкіні орын алған болатын. Өңірде бір тәуліктің ішінде 800 мм жауын жауып, бір айлық нормаға бір-ақ жеткен. Өткен жексенбі күні аумақта тағы жауын болып, оның салдары жаңа лай көшкіндеріне, тағы біраз адам құрбандықтарына әкелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны