01.03.2011, 16:35 3591

Бразилияда өтетін карнавалға дайындалу кезінде қайғылы оқиға орын алды

Бразилияда өтетін карнавалға дайындалу кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Бразилияда өтетін карнавалға дайындалу кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Бразилиядағы Бандейра-ду-Сул қаласында карнавалға дайындық шаралары кезінде адамдарға жоғары кернеу ток өтетін сым құлаған. Соның салдарынан 17 адам қаза тауып, 50-ден аса адам жарақат алған.

Карнавалдық шеру репетициясына шағын қаланың бүкіл дерлік тұрғындары қатысқан. Үзілген сым орталық алаңда билеп жатқан адамдардың үстіне құлады. Осы қайғылы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Илдебіреудің атқан оқшашуы электр желілеріне тиіп, сым үзілген деген жорамал бар. Кейбіреуі сымды би платформасы орнатылған жүк көлігі үзген деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны