28.01.2013, 09:04 3820

Бразилияда түнгі клубта шыққан өрт салдарынан 233 адам қаза тапты

Кеше таңғы сағат 3-терде Бразилияның Санта-Мария қаласында "Кисс" деп аталатын түнгі клубта өрт шықты.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Бразилияда түнгі клубта шыққан өрт салдарынан 233 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше таңғы сағат 3-терде Бразилияның Санта-Мария қаласында "Кисс" деп аталатын түнгі клубта өрт шықты.

Клубта шамамен 2000 адам болған. Жергілікті рок-тобының концерті кезінде арнайы пиротехникалық шоу ұйымдастырылды. От шашу басталғанда, клуб төбесіндегі дыбыстың таралуын реттейтін құралға ұшқын тиіп, тұтана бастаған. Бұны байқаған адамдар үрейленіп, сыртқа шығуға тырысты. Соның салдарынан адап кептелісі пайда болып, көбі клубтан шыға алмай қалды. Құтқарушыларға ішке ену үшін ғимараттың қабырағасын бұзуға тура келді. Соңғы ресми мәліметтер бойынша иістен уланып, қаза болғандардың саны 233 адам. Көбі он алты мен жиырма жас аралығындағы жастар. Опат болғандардың сексенге жуығы Санта-Мария федералды университетінің студенттері екен. Екі жүзге жуық адам аураханаға түсті. Сегізі хал үстінде жатыр. 106 адам күйік алып, олардың жиырмасы Порт Алегридегі арнайы емдеу орталығына жеткізілді. Ел президенті Дильма Роуссефф елде үш күндік аза тұту жариялады. Ал 270 мың тұрғыны бар Санта -Марияда 30 күн бойы аза тұтады. 2009 жылы Ресейдің Пермь қаласындағы түнгі клубтардың бірінде шыққан өрт салдарынан 156 адам қаза болған. Ал 1995 жылы Үндістанның Дабвали қаласындағы мектептердің біріндегі мерекелік шара кезінде басталған өрттен 600 адам опат болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны