17.05.2012, 12:30 3187

Бразилияны 100 жылдан бері болмаған тасқын жайлады

Салдарынан жүздеген мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болып отыр. Толассыз жауған нөсердің кесірінен аймақтағы өзеннің суы рекордтық деңгей 30 метрге дейін жетті.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Бразилияның Амазонас штатындағы Манаус қаласын соңғы 100 жылдан бері болмаған алапат тасқын жайлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Салдарынан жүздеген мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болып отыр. Толассыз жауған нөсердің кесірінен аймақтағы өзеннің суы рекордтық деңгей 30 метрге дейін жетті.

Мемлекет үкіметі ауа райының қолайсыздығының салдарымен күрес жұмыстарына 5 жырым миллион доллар жұмсаған екен. Ал штат билігі топаннан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде 450 миллион доллар бөліпті. Кей болжамдарға қарағанда, елдің бұл бөлігіндегі күн райы маусымның соңына дейін өзгермейді. Ал Бразилияның солтүстік-шығысы болса, керісінше қуаңшылықтан жапа шегіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны