27.12.2011, 09:30 3582

Бүгін елдің көптеген аймақтарында қар жауады, боран тұрып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның бірқатар облыстары Скандинавия жартылай аралдарындағы аудандардан басталған циклон мен осы аймақтағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін елдің көптеген аймақтарында қар жауады, боран тұрып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қазгидромет болжамына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "бүгін Қазақстанның бірқатар облыстары Скандинавия жартылай аралдарындағы аудандардан басталған циклон мен осы аймақтағы атмосфералық ағымдардың ықпалында болады".

Еліміздің кейбір аймақтарында қар жауып, боран тұрып, тұман түседі. Сондай-ақ көктайғақ болып, жел тұрады. Алматы облысының бірқатар жерлерінде көктайғақ болып, Жалаңашкөл аймағында желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді. Ал Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Қызылорда, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі. Павлодар, Атырау, облыстарында желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жететін болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, секундына 15-20 метр жел соғады. Ақтөбе, Қостанай облыстарынының бірқатар аймақтарында боран тұрып, секундына 15-20 метр жел соғады.

Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз қатып, республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде судың деңгейі өзгеруі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны