18.12.2011, 16:15 3644

Бүгін Жаңаөзенде бұзақылар сот ғимаратын басып алуға әрекет жасады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Соңғы тәуліктерде Жаңаөзенде бұзақылардың мамандандырылған әкімшілік соты ғимаратын басып алуға жасаған әрекетінің, бірнеше тонаушылықтың және құқық қорғау органдарына жасаған шабуылдардың алды алынды. Сонымен қатар, жаппай қан төгіс болды деген сияқты қауесеттер, арандатушылардың таратып жүрген жалған ақпараты", - деп атап көрсетті бас Прокуратураның ресми өкілі.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Жаңаөзенде бұзақылар сот ғимаратын басып алуға әрекет жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін өткізілген брифингте Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Соңғы тәуліктерде Жаңаөзенде бұзақылардың мамандандырылған әкімшілік соты ғимаратын басып алуға жасаған әрекетінің, бірнеше тонаушылықтың және құқық қорғау органдарына жасаған шабуылдардың алды алынды. Сонымен қатар, жаппай қан төгіс болды деген сияқты қауесеттер, арандатушылардың таратып жүрген жалған ақпараты", - деп атап көрсетті бас Прокуратураның ресми өкілі.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте Жаңаөзенде құқық қорғау органдары атыс қаруын қолданған бірде бір оқиғаға жол берген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны