02.05.2013, 11:09 3334

Царнаевтың қазақстандық достары жалған куәгерлік жасағаны үшін айыпталуда

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, полиция Бостондағы лаңкестік ісі бойынша қамауға алынғандардың есімін жария етті. Олар Қазақстан азаматтары Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робел Филипос.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Царнаевтың қазақстандық достары жалған куәгерлік жасағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, полиция Бостондағы лаңкестік ісі бойынша қамауға алынғандардың есімін жария етті. Олар Қазақстан азаматтары Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робел Филипос.

Массачусетс штатының прокуроры кеңсесінің микроблогы хабарлағандай, қазақстандықтарға әділдікті жүзеге асыруға кедергі келтіргені және жалған куәгерлік жасағаны үшін айып тағылып отыр. Ал Р.Филипосқа жалған куәгерлік жасағаны үшін ғана айып тағылуда.

Джохар Царнаевтың университеттегі группаластары оның жарылғыш зат пен ноутбук салынған рюкзагының көзін жоюға көмектесті деген болжам бар.

Қазақстан билігі бұған қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске сала кетсек, 15 сәуірде Бостонда халықаралық марафонның мәресі кезінде бірнеше рет жарылыс боп, 3 адам көз жұмды және 180 адам жараланды.

Жұмаға қараған түні күдіктілерді қолға түсіру кезінде атыс боп, Темірлан Царнаев көз жұмды, ал бауыры Джохан ізін жасырып үлгерді.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Джохар 20 сәуір күні қолға түскен. Полициямен атыс салдарынан ол екі ауыр жарақат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны