23.01.2008, 18:08 2936

Cәтпаев қаласының әкімі "Қазақмыс" корпорациясының №65 шахтасы кеншілерінен ереуіл өткізу туралы арыздың келіп түскенін теріске шығарды

Cәтпаев қаласының әкімі "Қазақмыс" корпорациясының №65 шахтасы кеншілерінен ереуіл өткізу туралы арыздың келіп түскенін теріске шығарды

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Cәтпаев қаласының әкімі "Қазақмыс" корпорациясының №65 шахтасы кеншілерінен ереуіл өткізу туралы арыздың келіп түскенін теріске шығарды , деп хабарлайды агенттік.

Бүгін агенттіктің атына Сәтпаев қаласының әкімдігі "Южный" руднигінің №65 шахтасы кеншілері атынан ешқандай арыз келген жоқ, деп ресми түрде хабарлама жіберді.

"2008 жылдың 21 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін әкімдікке заңды және жеке тұлғалардан ереуіл немесе басқа акцияларды өткізу жөнінде ешқандай арыз келіп түскен жоқ ", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Южный" кен орнының №65 шахтасының кеншілері ереуілге шығып, Қарағанды облысының ерікті кәсіподақ конфедерациясына шағымданған.

Сатпаев қаласы кеншілерінің бірлескен ұйымдарының белсенді топ мүшесі Қанатбек Мырзатаевтың телефон арқылы берген ақпараты бойынша, дүйсенбі күні кеншілер қала әкімдігі мен корпорация басшыларына ереуіл өткізетіні жөнінде арыздарын тапсырған.

Қ. Мырзатаевтың ақпараты бойынша, кеншілер еңбекақы мөлшерін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке жарамсыз болып қалу кезеңіне толық айлық төлеу, жұмыс ауысымын өзгерту сияқты талаптарын қойған. Жарты жыл бойы кеншілер өздерінің талаптарын ұжымдық келісімге кіргізе алмаған. Бұл талаптар "Қазақмыс" корпорациясының басшылығына үш рет ұсынылса да, олар оны ескерусіз қалдырған. Осыған байланысты кеншілер қарсылық акциясына шығуға бел байлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны