12.04.2010, 15:59 4418

"Цеснабанк" ғимаратына қарай жер астымен тоннель қазып тонамақ болған Астана тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айрылды

"Цеснабанк" ғимаратына қарай жер астымен тоннель қазып тонамақ болған Астана тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today -"Цеснабанк" ғимаратына қарай жер астымен тоннель қазып тонамақ болған Астана тұрғыны Михаил Гаврилин 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы жөніндегі сот үкімін бүгін сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Виктория Семенова жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сот Михаил Гаврилинді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-ші бабының 3-ші тармағы, 175-гі бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша айыпты деп тану және осы аталған бап бойынша мүмкін тәркілеп, жалпы тәртіптегі абақтыда жазасын өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бас бостандығынан айыру мерзімі 2009 жылдың 24 қарашасынан басталады", - делінген сот үкімінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада "Цеснабанкті" тонауға жасалған талпынысқа қатысушы бір адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов 2009 жылдың 30 қарашасында өткен брифингте мәлім етті.

"Қазан айында Астана қаласының Бейбітшілік көшесіндегі "Цеснабанк" ғимаратының еденінде тесік анықталғаны туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Тергеу барысында анықталған тоннельден шығатын жол "Байланыс-2" гараждар қоғамының гаражында анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 24 қарашада Астана қаласының 32 жастағы жұмыс істемейтін тұрғынын ұстады, ол өткен жылдың мамыр-шілде айларында "Цеснабанк" АҚ-мен депозитарийді жалға алуға келісім-шартқа отырғаны анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны