31.01.2013, 12:51 6928

Чилиде 6,7 балдық зілзала тіркелді

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, зілзала кіндігі Вальенар қаласынан солтүстікке қарай 54 шақырымда, 25 шақырым тереңдікте тіркелген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Чили сейсмикалық белсенді ауданда орналасқаны белгілі. 2010 жылдың ақпан айында осы Оңтүстік Америка елінде 8,8 балдық зілзала салдарынан цунами болып, 500-дей адам қаза тапқан еді.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Чилиде жергілікті уақытпен кеше кешкі 17:00 шамасында күші 6,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, цунами қаупі төніп тұрған жоқ.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, зілзала кіндігі Вальенар қаласынан солтүстікке қарай 54 шақырымда, 25 шақырым тереңдікте тіркелген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Чили сейсмикалық белсенді ауданда орналасқаны белгілі. 2010 жылдың ақпан айында осы Оңтүстік Америка елінде 8,8 балдық зілзала салдарынан цунами болып, 500-дей адам қаза тапқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны