14.02.2011, 12:00 4241

Чилиде қатты жер сілкінісі болды

Чилиде 7,0 балдық қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Чилиде 7,0 балдық қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Чили жағалауында жұма, 11 ақпанда магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісінің орталығы елдің орталық бөлігінде орналасқан Консепсьон қаласынан 70 шақырым жерде Тынық мұхитында тіркелді.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Тек кейбір жағалау аудандарындағы тұрғындар қауіпсіздік шаралары ретінде қауіпсіз жерге көшірілгені туралы айтылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылдың ақпан айында осы аймақта цунами тудырған 8,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген болатын. Осы жер сілкінісінің салдарынан 500-ден астам адам қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны