06.01.2012, 12:54 3464

Чилидегі орман өртін сөндіріп жүрген алты өрт сөндіруші қаза тапты

10 адамнан тұратын өрт сөндірушілер бөлімінен тек екі адам ажалдан аман қалған, қатты күйген оларды тікұшақпен ауруханаға жеткізді, тағы екеуі із-түссіз жоғалып кетті.

Алматы. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Чилидегі орман өртін сөндіріп жүрген алты өрт сөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл қайғылы оқиға ел астанасы Сантьягодан 700 шақырымдағы Карауэ қаласы маңында болған, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

10 адамнан тұратын өрт сөндірушілер бөлімінен тек екі адам ажалдан аман қалған, қатты күйген оларды тікұшақпен ауруханаға жеткізді, тағы екеуі із-түссіз жоғалып кетті.

Адамдардың қазасына бағытын күрт өзгерткен жел себеп болған. Чилиде ормандардың өртенгеніне 10 күн болды.

Ресми мәліметтер бойынша, осыған дейін бір адам қаза тауып, 50 мыңға жуық гектар орман өртенді. Бүкіл әлемге әйгілі экологиялық жағынан ең таза орын- Торрес-дель-Пайне қорығында 15 мың гектар орман жанып кеткен. Жылына 150 мың турист келіп жүрген бұл қорықта өрт Ротем Сингер есімді 23-жастағы израильдік туристтің кесірінен шыққан. Куәгерлердің айтуынша, Сингер орманда дәретхана қағазын өртеген. Қазіргі кезде турист босатылғанмен, одан тергеу барысында елден кетпеу жөнінде тілхат алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны