Система Orphus

Даниал Ахметов Риддер әкімініӊ орынбасарына қатысты қозғалған қылмыстық істі қатаӊ бақылауға алуды тапсырды

17.04.2018, 19:16 3868

Өскемен. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Даниал Ахметов Риддер әкімініӊ орынбасарына қатысты қозғалған қылмыстық істі қатаӊ бақылауға алуды тапсырды.

Естеріӊізге сала кетсек, өткен жексенбіде наурыздыӊ 15 күні сағат 21.00-де қала әкімініӊ орынбасары мас күйінде адам қағып, өлтірді. ШҚО әкімі аппаратыныӊ жетекшісі Ринат Омаров облыс басшылығыныӊ атынан зардап шеккен азаматтыӊ отбасы мен туғандарына көӊіл айтып, істіӊ аймақ басшысыныӊ жеке бақылауында тұрғанын жеткізді.

- Таӊертеӊ үйіне барып, ата-анасы мен жақындарыныӊ қайғысына ортақтасып, көӊіл айттық. Аталған іс облыс әкімініӊ қатаӊ бақылауында екенін айтамын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталды, соттыӊ шешіміне сай, кінәлі заӊныӊ бар талабына сай жазасын алады, - деп, атап өтті облыс әкімі аппаратыныӊ жетекшісі Ринат Омаров.

Оқиға болған сәтте шенеунік қызметтік емес, шетелдік "BMW" маркалы жеке көлігімен жүрген. Зардап шеккен 1999 жылғы жас бала жол-көлік оқиғасы болған жерде "жедел жәрдем" келместен, тіл тартпай кетті.

- Күдікті - Риддер қаласы әкімініӊ орынбасары Б.Құрманбаев тұтқынға алынып, уақытша тергеу изоляторына жіберілді. ҚР қылмыстық Кодексініӊ 345 бабыныӊ 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтіӊ тапсырмасы бойынша бұл іс меніӊ қадағалауымда, - деді ІІД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Айта кету керек, жерлеу рәсімдеріне кететін шығынды қалалық әкімдік мойнына алды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны