28.01.2010, 18:07 2596

"Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған бір адамның мәйіті табылды

"Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған бір адамның мәйіті табылды

Қарағанды. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін сағат 13.30-да іздестіру жұмыстарының барысында үйінді астына қалған бір адамның, алдын-ала мәліметке сәйкес, 31 жастағы Самархан Машеновтың мәйіті табылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда".

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Балхаш-9 атты бұрынғы әскери қалашықта бұрынғы "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. 22 қаңтарда "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құрылғылары мен қондырғыларын бұзу жұмыстары кезінде ғимарат қирады.

Құтқару жұмыстары кезінде 40 жастағы Ғалымжан Башеевтің мәйіті табылды. Зардап шеккен үш адам, атап айтсақ, 27 жастағы Валерий Фрейдман, 31 жастағы Самархан Машенов пен Медаль Тихулов үйінді астында қалып қойған.

ТЖД мәліметінше, ғимаратты бұзу заңсыз жүргізілген. Ғимарат елдімекендерден шалғайда орналасқан. "Соған қарамастан, қолы жететін жерден металл кесіп алуға талпынатын адамдар баршылық. 18 қабатты үлкен ғимарат бір кезде Қазақстандағы ең биік үйлердің біріне саналатын. Ғимарат табанының ені - 60 метр, ұзындығы - 100 метрге тең", - дейді құтқарушылар.

"Зерттеулер жүргізген эколог мамандардың мәлімдеуінше, ғимаратқа улы полихлордифенил сіңіп қалған, ол - аса қауіпті. Осыған байланысты экологтар осы өңірді төтенше экологиялық ахуал аймағы деп тануды талап етуде", - деп хабарлайды ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны