01.02.2010, 09:27 1263

"Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған тағы бір адамның мәйіті табылды

"Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған тағы бір адамның мәйіті табылды

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 18.00-де іздестіру жұмыстарының барысында үйінді астына қалған 27 жастағы Валерий Фрейдманның мәйіті табылды, ол басынан алған ауыр жарақаттан көз жұмған, қалғандарын іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда".

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Балхаш-9 атты бұрынғы әскери қалашықта бұрынғы "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. 22 қаңтарда "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құрылғылары мен қондырғыларын бұзу жұмыстары кезінде ғимарат қирады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны