07.07.2011, 16:50 3750

Дауыл салдарын ретке келтіретін арнайы техника тек күзге қарай алынады

Сонымен бірге, ол дауылдың салдары Алматы облысының орман шаруашылықтарынан жеткізілген қолда бар техниканың көмегімен ғана жойылып жатқанын айтты. Комитет жаңа техниканы күзде күтіп отыр.

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - 17 мамырда болған дауыл салдарын жоюға қажетті арнаулы техниканы ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағының басшылығы тек күзге қарай алады, деп мәлімдеді комитет төрағасы Ерлан Нысанбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Изірге қажетті барлық техника сатып алынған жоқ. Ақшаны рәсімдеу және алу тәртібі оңай емес. Белгілі шаралар жүргізілуде. Біз 356 млн теңгеге өтініш бергенбіз. Оның 271 млн теңгесі ұлттық табиғи баққа және 85 млн теңгесі қалаға қажет. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдармен келісу шаралары жүргізілуде", - деді баспасөз мәслихатында Е. Нысанбаев.

Сонымен бірге, ол дауылдың салдары Алматы облысының орман шаруашылықтарынан жеткізілген қолда бар техниканың көмегімен ғана жойылып жатқанын айтты. Комитет жаңа техниканы күзде күтіп отыр.

"КТК" телеарнасының хабарлауынша, "Мен нақты айта алмаймын. Қалай болғанда да, күзде деп ойлаймын. Бұл қаржыны рәсімдеу және алу процесінің өзі (бюджеттен алу - ҚазТАГ) оңай емес. Қаласақ та, қаламасақ та, өткізілуге тиіс процедуралар бар. Мемлекеттік органдар түсіністік танытуда. Мәселе шешіліп жатыр. Үзілді-кесілді бас тарту деген жоқ. Бүгін келісу жүріп жатыр, ол да бөлек процедура. Бір-бір жарым айдың ішінде шешеміз (мемлекеттің қаржы бөлуі мәселесін - ҚазТАГ) деп ойлаймын", - деді Е.Нысанбаев.

Бұдан басқа, комитет төрағасы адами ресурстардың жетіспей жатқанын айтып шағымданды.

"Қиын жағдайды ескерсек, адамдар келіп, жұмыстың қиын екенін көріп, кетіп жатыр. Мен жақында маусымдық жұмысқа алынып, шығып кеткен адамдардың санын сараладым. Оларды бірдей деуге болады", - деді Е.Нысанбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жұмыс контингенті қалыптасатын мамандардың басты тобы қалыптасып үлгерді.

Комитет өкілінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Медеу шатқалындағы дауылдың салдарын жоюға 350 адам тартылып отыр, оның ішінде ҚР ТЖМ әскери бөлімшелерінің 160 жауынгері бар. Алайда ұлттық бақтың басқа учаскелерінде жұмыс әзірге жүргізілген жоқ.

"Біз үшін қазір Медеу шатқалын тәртіпке келтіру маңызды, біз ол жерге мыңдаған адам (жұмыскер - ҚазТАГ) мен техниканы тарта алмаймыз. Қазір қолда бар құралдар мен адами ресурстардың көмегімен Медеуде ғана жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ адами ресурстарға қатысты жиналып жатқан тәжірибе бізге жұмыстарды ары қарай кеңейту бағытында ілгері қозғалуға мүмкіндік беріп отыр.

Бұрын хабарланғандай, 3 маусымда Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алматы облысында Іле-Алатау ұлттық бағының аумағындағы тауларда дауыл жел құлатып кеткен ағаштар қаланың экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін айтып, ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері мен ғылыми-зерттеу институттарын қатты сынға алған болатын.

Сондай-ақ, ол ағаш қабығымен қоректенетін қоңыздардың кесірінен инфекция ошақтарына айналған бұл ағаштар тау өзендерінің арналарын бөгеп тастап, сел тудыруы мүмкін екенін айтты.

Икімдіктің мәліметтеріне сәйкес, Алматының айналасында дауыл желден зардап шеккен орман алқабының жалпы аумағы 480 гектарды құрайды. Құлаған ағаштардың жалпы көлемі 97 мың текше метрге тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны