22.07.2013, 16:54 42749

Демалыс күндері Қазақстанда 17 адам суға кетті

Демалыс күндері ішінде Қазақстанда 17 адамның суға кету оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Демалыс күндері Қазақстанда 17 адам суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Демалыс күндері ішінде Қазақстанда 17 адамның суға кету оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, сенбі күні, 20 шілдеде, 13 адам суға кеткен, оның 8-і Қапшағай су қоймасында батып кетті. Сонымен қатар жексенбі күні тағы төрт адамның суға батып қаза болғаны белгілі болды.

"21 шілде күні сағат 17.30-да Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында Бұқтырма су қоймасында шомылып жүрген жерінен 1993 жылы туған Оқасов М. есімді жігіт суға кетті. Сағат 19.20-да Шығыс Қазақстан облысы ТЖД су-құтқару қызметі мәйітті тауып, судан алып шықты. Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданында Сарыөзен өзенінде 21 шілде күні сағат 17.20-да суға шомылып жүрген жерінен 1989 жылы туған Наукешов Р. есімді жігіт батып кетті. Оның мәйітін судан жерлігікті тұрғындар алып шықты. Алматы облысы Іле ауданында Терең Қара көлінде 21 шілде күні сағат 19.50-де 1989 жылы туған Қожалімов К. есімді азамат суға кетті. Мәйітті Алматы облысы ТЖД су-құтқару қызметінің мамандары іздестіруде. Қостанай облысы Рудный қаласында 21 шілде күні сағат 19.12-де Тобыл өзенінде шомылып жүрген жерінен 1959 жылы туған Зайцев В. есімді азамат суға батып кетті. Оның мәйітін сағат 20.10-да Қостанай облысы ТЖД су-құтқару қызметінің мамандары тауып алып, судан алып шықты", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны