19.07.2013, 11:38 4918

Демалыс лагерінде жарақат алған бала Текеліде қайтыс болды

Демалыс лагерінің бірінде демалыс күндерін өткізіп жүрген 13 жасар бала шілденің 11-і күні ауруханаға жеткізілген болатын, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Талдықорған. 19-шілде. Kazakhstan Today - Демалыс лагерінде жарақат алған бала Текеліде қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Демалыс лагерінің бірінде демалыс күндерін өткізіп жүрген 13 жасар бала шілденің 11-і күні ауруханаға жеткізілген болатын, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бала спорттық снарядттан жерге құлағаннан кейін оны сол снаряд басып қалған болатын. Зардап шеккен баланы Текелі қаласының ауруханасына жеткізген болатын, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала аламады.

"Бала лагерге Талғар ауданынан келген. Кеше жасөспірімнің ата-анасы Текелінің ІІҚБ-сына баланың өліміне кінәлілерге қатысты шара қолдану туралы ресми арызын алып келді. Іс бойынша тергеуге дейінге тексеріс жүргізіліп, қажетті сараптамалар жасалуда", - дейді департаменттегілер.

Полиция қызметкерлері демалыс орнындағы спорттық жабдықтардың нормаға сәйкестігін тексермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны