25.01.2011, 14:27 3805

Домодедовода болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Домодедовода болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов хабарлады.

Астана. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - Домодедовода болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов хабарлады.

"Кеше кешке қазақстандық елшілікте қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ болатын",- деді А.Ибдірахманов. Ол сондай-ақ, таңертең бұл ақпараттың қайта тексерілетіндігін айтып өткен болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, 24-қаңтар күні Домодедово әуежайында болған лаңкестіктен 35 адам қаза тауып, 180 адам жараланды. Жараланғандардың 40-тан астамының ахуалы нашар. РФ Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы (лаңкестік), 105-бабы (адам өлтіру) және 222-бабы (қару-жарақ пен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаза болғандардың арасында шетелдіктер, атап айтқанда Словакия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Тәжікстан азаматтары бар. Ресейдің ресми органдары "Домодедово" әуежайындағы жарылыстың салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ештеңе хабарлаған жоқ.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, келушілерді қарсы алып тұрған топтың ішінде болған жанкешті сағат 16.33 кезінде жарылғыш затты іске қосқан. Лаңкестік құрбандарының қатарында такси жүргізушілері мен қарсы алушылар көп болған. Бомбаның қуаты тротилге балама 5-7 келіні шамалап отыр.

Аталмыш дерек бойынша үш еркек пен бір әйелге іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны