18.08.2006, 10:04 3241

Дон кен байыту комбинатының шахтасында оқыс оқиға салдарынан кенші қаза тапты

АСТАНА. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Дон кен байыту комбинатының шахтасында оқыс оқиға салдарынан кенші қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Дон кен байыту комбинатының "Қазақстан Республикасына 10 жыл" атты шахтасында болған. 17-тамызда шахта салу цехының жұмысшысы №2 кен айдауышқа 80 метрлік биіктіктен 140 метрлік белгісіне дейін құлап, жарақат салдарынан жан тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны