15.06.2012, 12:49 3060

"Достық" кеден бекетінде ірі мөлшерде контрабандалық аяқ киімдер табылды

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - "Достық" кеден бекетінде ірі мөлшерде контрабандалық аяқ киімдер табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті баспасөз қызметі хабарлайды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 2012 жылдың 12 мамырында "Алакөл" және "Достық" кеден бекетінің қызметкерлері № 39852302/120512/0003337 транзиттік декларациясы болған "Volvo Fh 12" көлігіне кедендік тексеріс жүргізген.

Тексеріс барысында жоғарыда айтылған көліктің жүк салатын орынынан декларацияланбаған ТД № 39852302/120512/0003337 халықтық тауарлар анықталды. Ол жалпы салмағы 4830 келі, 9 мың 722 аяқ киім болып шықты.

"Достық" кеден бекетінің кедендік табыстар бөлімінің есебі бойынша, декларацияланбаған тауарлар құны 14 млн 534 мың 661 теңгені құраған. Бұл АЕК 5000 есе көп болғандықтан, аса ірі мөлшердегі контрабанда деп саналады.

Бұл факті бойынша, 2012 жылдың 14 маусымында "Достық" кеденшілері ҚР ҚК 209 бабы, 2 тараушасы бойынша № 12193406100008 қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны