06.09.2010, 13:27 3479

Душанбеде түнгі клубтардың бірінде жарылыс болды

Тәжікстанның астанасы Душанбеде дүйсенбі күнге қараған түні түнгі клубтардың бірінде жарылыс болып, соның салдарынан бес адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Вести.Ru сілтеме жасай отырып.

Алматы. 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Тәжікстанның астанасы Душанбеде дүйсенбі күнге қараған түні түнгі клубтардың бірінде жарылыс болып, соның салдарынан бес адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Вести.Ru сілтеме жасай отырып.

Тергеу амалдарын Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізуде, деп хабарлады ИТАР-ТАСС жергілікті күш құрылымдарындағы ақпарат көзі. Оның айтуынша, би залындағы үстелдердің бірінің астынан жарылыс күші бәсең жарылғыш зат жарылған. Жараланған бем адамның екеуінің жағдайы нашар. Жарылыс себептері анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны