03.12.2013, 18:40 5151

"Эйр Астана" ауекомпаниясының "А-321" әуе кемесі Астана қаласы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 01.12.2013ж. сағат 23.30-да Астана қаласы әуежайына, сол жақ қозғалтқышының температурасының жоғарылауы салдарынан, "Эйр Астана" ауекомпаниясының "А-321" әуе кемесі қайта қонуға мәжбүр болды.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. "Эйр Астана" ауекомпаниясының "А-321" әуе кемесі Астана қаласы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 01.12.2013ж. сағат 23.30-да Астана қаласы әуежайына, сол жақ қозғалтқышының температурасының жоғарылауы салдарынан, "Эйр Астана" ауекомпаниясының "А-321" әуе кемесі қайта қонуға мәжбүр болды.

Иуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 22.35-те Астана қаласының әуежайынан ұшып шыққан болатын.

Дабыл түскеннен кейін жиналу орнына Желілік полиция бөлімінің және Астана қаласы әуе көлігі прокуратурасының қызметкерлері келіп жетті.

Ұшақ бортында 85 жолаушы мен 10 экипаж мүшелері болған.

Экипаж мүшелері, жолаушылар және қызмет көрсетушілер арасынан зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 02.12.2013ж. сағат 01.55-те тексеріліп, ақау қалпына келтірілгеннен кейін "А-321"әуе кемесі өз бағыты бойынша ұшып кетті. Қазір тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны