13.04.2010, 18:18 3045

Екатеринбург - Алматы күре жолында болған апаттан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Екатеринбург - Алматы күре жолында болған апаттан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Қостанай. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанай облысында кеше күндізгі сағат 12 шамасында Екатеринбург - Алматы күре жолында ірі көлік апаты шықты, соның ішінде екі адам қаза тауып, жетеуі, соның ішінде 7 жасар қыз бала жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Москвич" көлігінің жүргізушісі Қостанай қаласына бет алған жолда көлігінің тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, соның салдарынан "Фольксваген Венто" көлігімен соқтығысты.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабы (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны