19.04.2007, 15:27 3285

Екібастұзда бір ер азамат екі баланы кепілдікке алып, имамның келуін талап еткен

ПАВЛОДАР.19 - сәуір. Kazakhstan Today. Екібастұзда бір ер азамат екі баланы кепілдікке алып, имамның келуін талап еткен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Самат Ергебаев хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, оқиға кеше кешкі жеті жарым шамасында болған. "Полицияға бір үйдің тұрғыны қоңырау шалып, үшінші қабаттың балконында бір еркектің екі баланы ұстап алып, оларды пышақпен қорқытып тұрғандығын хабарлаған",- деп атап өтті С. Ергебаев. Дабыл бойынша оқиға болған жерге барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен "жедел жәрдем" дәрігерлер бригадасы келіп жеткен.

С. Ергебаевтің айтуынша, еркек имамның келуін талап етіп, талабы орындалмаса кепілдікке алған балаларды өлтіруге қоқан-лоққы көрсеткен. Кепілдіктегілерді босатуға қатысты іс-шара 30 минутқа созылды. "Онымен келіссөз жүргізіліп жатқанда, біздің қызметкерлер кіре-берістегі есікті бұзып кіріп, байқатпастан балконға жеткен",- деп түсіндірді аудандық полиция бөлімінің бастығы. Еркек залалсыздандырылды. Кепілдікке алынған балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, далада ойнап жүрген 3-сынып оқушыларын аталмыш ер азамат үйіне шақырған. "Олардың біреуі оның туысқаны болып табылады",- деді С. Ергебаев. Аудандық полиция бөлімінен хабарлағандай, балаларды кепілдікке алған Екібастұздың 44 жастағы тұрғыны ақыл-есінен айрылған екен. "Жүргізілген медициналық сараптама оның қанының құрамында алкогольдік немесе есірткі заттарының жоқ екенідігін анықтады",- деп қосты Ергебаев.

Ұсталғанның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабының 2-тармағы бойынша (күш көрсете отырып бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны