27.06.2016, 15:04 8473

Екібастұзда кондуктор жүкті әйелдіӊ қолыныӊ буынын сындырған

- Екібастұз ІІБ ҚР ҚК-ніӊ 107-бабы, 1-бөлігі - "орта деӊгейде денсаулыққа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Екібастұз. 27 маусым. Kazakhstan Today - Екібастұзда кондуктор жүкті әйелдіӊ қолыныӊ буынын сындырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оқиға сенбі күні орын алған. Полицияға 25 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 28 жастағы әйелдіӊ қол көтергеніне шағымданған.Сөзге келіп қалған екі әйел соӊында төбелесіп, куәгерлер полиция шақырған. Дәрігерлер жүкті әйелді тексеріп шығып, баланыӊ денсаулығына ешбір зиян келмегенін анықтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Екібастұз ІІБ ҚР ҚК-ніӊ 107-бабы, 1-бөлігі - "орта деӊгейде денсаулыққа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны