04.05.2012, 13:47 2651

Екібастұзда құйынды дауыл перзентхананың шатырын ұшырып әкетті

Төрт қабатты ғимараттың екі корпусының шатырлары бүлінді, оның жалпы аумағы 64 шаршы метрді құрады.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні таңертең Павлодар облысы Екібастұз қаласында қатты желдің салдарынан "Екібастұз перзентханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының шатырлары көкке ұшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт қабатты ғимараттың екі корпусының шатырлары бүлінді, оның жалпы аумағы 64 шаршы метрді құрады.

Сондай-ақ, дауыл кеше күндіз Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылында екі қабатты орта мектеп шатырының 227 шаршы метр аумағын жұлып әкетті.

Төтенше жағдайды жою жұмыстарына ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД-нің 4 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны