19.04.2013, 15:28 3601

Екібастұзда сауда үйіндегі өрттен 8 бутик жанып кетті

"18 сәуірде сағат 07:45-те басталған өрт салдарынан халықтық тұтыну тауарлары бар 8 бутик түгі қалмай жанып кетті, тағы 5 бутикке де біршама зиян келген", - делінген хабарламада.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Екібастұзда сауда үйіндегі өрттен 8 бутик жанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Екібастұздағы "Сәуле" сауда үйінде өрт шыққан.

"18 сәуірде сағат 07:45-те басталған өрт салдарынан халықтық тұтыну тауарлары бар 8 бутик түгі қалмай жанып кетті, тағы 5 бутикке де біршама зиян келген", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 09:15-те сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 27 адам және 4 дана техника жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны