21.05.2010, 10:44 2931

Екібастұзда спорт кешенінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты 38 адам сыртқа шығарылды

Екібастұзда спорт кешенінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты 38 адам сыртқа шығарылды

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Екібастұзда спорт кешенінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты 38 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше 20 мамырда сағат 13.50,-де ІІД "102" қызметінің кезекші пультіне Абай көшесіндегі "Жасыбай" спорт кешенінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті. 38 адам сыртқа шығарылды.

Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны