09.12.2010, 15:22 2918

Екібастұздағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түскеннен кейін 67 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түскеннен кейін 67 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 9 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түскеннен кейін 67 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хахабарлауынша, кеше сағат 16.21 Екібастұз қаласының ТЖБ кезекші бөліміне №17 орта мектептің хатшысынан ғимаратқа жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскен. "Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылмады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қауіпсіз жерге 67 адам көшірілді, оның 50-і балалар", - деп хабарлады мекемеден.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны