10.12.2010, 14:18 3325

Екібастұздағы үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан үш адам мерт болды

Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы үйлердің бірінен шыққан өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 04.09 Литейная көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан бір ер азамат пен екі әйелдің денесі табылған.

Тілсіз жауды құрықтауға Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны