13.12.2011, 10:45 2909

Екібастұздағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, көршілер екі баланы құтқарып қалған

12-желтоқсан күні Екібастұз қаласының Ащыкөл көшесіндегі екі пәтерлі жер үйден өрт шыққан.. 100 шаршы метр аумақты шарпыған жалынның салдарынан үйдің шатыры толығымен дерлік жанып кетті. Тілсіз жаудың ошағы бір жарым сағатта жойылып, тек бес жарым сағаттан кейін ғана ауыздықталды.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Екібастұздағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, көршілер екі баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12-желтоқсан күні Екібастұз қаласының Ащыкөл көшесіндегі екі пәтерлі жер үйден өрт шыққан.. 100 шаршы метр аумақты шарпыған жалынның салдарынан үйдің шатыры толығымен дерлік жанып кетті. Тілсіз жаудың ошағы бір жарым сағатта жойылып, тек бес жарым сағаттан кейін ғана ауыздықталды.

Өрт сөндірушілер келгенше көршілер үйден 5 және 6 жасар екі баланы құтқарып қалды. Ысты газға уланып, күйік жарақаттарын алған олар ауруханаға жеткізілді.

Жалынмен күреске ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны