20.01.2014, 18:51 15162

Елімізде боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Ақтөбе облысында боранға байланысты "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз", "Ақтөбе-Астрахан", "Ақтөбе-Орск", "Солтүстік айналма жол" жолдары барлық автокөліктер үшін жабылды.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. Ақтөбе облысында боранға байланысты "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз", "Ақтөбе-Астрахан", "Ақтөбе-Орск", "Солтүстік айналма жол" жолдары барлық автокөліктер үшін жабылды. Қостанай облысында да ақтүтек боран соғып тұр. Соған байланысты "Амангелді-Қостанай" жолы барлық көлік түрлеріне жабық, деп хабарлады ҚР ТЖМ ақпараттық порталы.

Сондай-ақ, Астанада боранға байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны