02.12.2008, 09:13 1477

Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астананың Угольная көшесінде 1 желтоқсанда сағат 12.35-те "Ауди" және "Мерседес" көліктері соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 25 жастағы "Ауди" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; "Мерседес" жолаушылары, екі бозбала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жамбыл облысында 1 желтоқсанда сағат 02.30-да Мерке ауданында Рысқұлов көшесінде 42 жастағы "Мерседес" жүргізушісі ағашқа соғылды.

Апат салдарынан 44 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты; жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол апаты Қарағандыда 1 желтоқсанда сағат 14.02-де болып, Октябрь ауданында "Мазда" және "Тойота" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 27 жастағы "Мазда" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты; 22 жастағы "Мазда" жүргізушісі мен "Тойота" көлігінде отырған 32 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны