02.08.2006, 10:50 3099

Елімізде өткен тәулікте жол апатынан үш жүргінші мерт болды

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Елімізде өткен тәулікте жол апатынан үш жүргінші мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, 1-тамызда 23 сағат 40 минутта Алматы облысының Іле ауданында "ПАЗ-32054" автобусының 25 жастағы жүргізушісі 44 жастағы жүргіншіні қағып кетті.

Бүгін 3 сағат 5 минутта Алматының Алмалы ауданында "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі екі жүргіншіні қағып кетті. Жүргізушінің аты-жөні анықталуда.

Зардап шеккендердің бәрі де оқиға орнында мерт болды.

Сонымен бірге 1-тамыз күні 19 сағат 5 минутта Қызылордада Қызылорда-Белкөл өткелегінің 2824-ші шақырымында темір жолдан белгіленген жерден өтпеу салдарынан 40 жастағы әйел №2418 жүк поезының астына түсіп, жарақаттан қаза тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны