03.10.2006, 17:12 3105

Елімізде тәртіп сақшылары екі аптада заңсыз айналымнан 2 тоннадан астам есірткі шығарды

АСТАНА. 3-қазан. Kazakhstan Today. Елімізде тәртіп сақшылары соңғы екі аптада есірткіге қатысты 577 қылмыстың бетін ашып, заңсыз айналымнан 2 тоннадан астам есірткі шығарды. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Қарабеков бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"20-қыркүйекте Қауіпсіздік кеңесінің отырысында есірткіге байланысты қылмыстар бойынша ауқымды күрес жүргізу жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында ішкі істер органдары оған қатысты 577 қылмыстың бетін ашты",- деді ол. Комитет төрағасының орынбасарының айтуынша, есірткі сатуға байланысты 154 деректің беті ашылды.

"Жолға шыққан барлық әуе рейстері мен отарбалар, жалпы алғанда 15 мыңдай көлік құралдары тексерілді",- деді Н.Қарабеков.

Оның айтуынша, 21-қыркүйек пен 1-қазан аралығында Астанада өткізілген шұғыл-профилактикалық шара аясында 36 заң бұзушылық дерегі анықталып, 687 грамм есірткі тәркіленіп, есірткі сататын үш орын жойылды.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, жалпы жыл басынан бері есірткі саудасымен және нашақорлықпен күрес саласында 7294 қылмыс, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 3 мың дерек тіркелді. Осы мерзімде ішкі істер мекемелері 18,5 тонна есірткілік заттарды тәркілеп, есірткі сату және тасымалдаумен шұғылданып келген алты ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. "Бұл көрсеткіштердің бәрі де өткен жылғы деңгейден жоғары",- деді Н.Қарабеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны