30.06.2008, 09:38 3033

Елімізде жол апаттары салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды

Елімізде жол апаттары салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде жол апаттары салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астанада Қорғалжың тас жолында ("Думан" көңіл көтеру кешенінің қарсы алдында) 29 маусымда 22 сағат 55 минутта белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқыс оқиға орнынан қашып кеткен. "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі бұдан кейін жол үстінде жатқан әлгі жәбірленушіні тағы басып кеткен. Соның салдарынан жүргінші қаза тапты.

Сонымен бірге, Алматы-Астана тас жолының 102 шақырымында Алматы облысының Іле ауданында 29 маусымда сағат 11.30-да "Митсубиси" көлігінің жүргізушісі "Мазда" көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Мазданың" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Сарысу ауданы Саудакент ауылына кіре берісте 29 маусымда 16 сағат 30 минутта "Ауди" жүргізушісі 9 жасар баланы қағып кетті, ол оқиға орнында қаза тапты.

Ақтауда (Аққу демалыс базасынан бес шақырым жерде) 29 маусымда 08 сағат 20 минутта "Форд" автокөлігінің жүргізушісі "Митсубиси" автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Митсубиси" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқыс оқиға орнында қаза тауып, "Форд" жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны