11.02.2021, 17:15 14086

Елордада қарақшылар ЖШС жұмысшыларына шабуыл жасап, 3 млн теңгені алып кеткен

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 18-ден 23 жасқа дейінгі қарақшылық шабуылға күдікті жеті жігітті ұстады.
Нұр-Сұлтан. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қарақшылар Нұр-Сұлтандағы ЖШС-ның бірінің жұмысшыларына шабуыл жасап, 3 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткен, деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Есіл" ауданы полиция басқармасына ЖШС менеджері Мәңгілік ел көшесінде өзіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 3 млн теңге көлеміндегі қаражатын ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, сағат 20:00 шамасында ол ЖШС бухгалтерімен бірге банкоматтан 10 млн 900 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Терминалдар орналасқан ғимараттан шығып, олар автокөлікке қарай бет алған. Осы уақытта 4 жігіт менеджерге шабуыл жасап, ақша салынған пакетін тартып алмаққа әрекеттеніп оны ұра бастаған. Төбелес кезінде шабуылдаушылар газ баллонын қолданып, 3 млн теңгені тартып алған да рульде сыбайласы отырған көлікке мініп, іздерін суытқан", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.


 
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 18-ден 23 жасқа дейінгі қарақшылық шабуылға күдікті жеті жігітті ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК192-бабы, 4-тармағына (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың барлығы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
 
Күдіктілер тоналған қаражаттың бір бөлігін жұмсап үлгерген, қалған бөлігін - 700 мың теңгені полиция тәркіледі. Қылмыстық істі тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны