26.01.2016, 20:58 4997

Ертіс өзеніне батып кеткен автокөлікті көтеру бойынша авариялық-құтқару жұмыстары

2016 жылғы 26 қаӊтар күні сағат 10.30-да бірыӊғай кезекші-диспетчерлік қызметініӊ пультіне Павлодар облысыныӊ Черноярка ауылында Ертістіӊ ескі ағысыныӊ ауданында ВАЗ 2131 Нива автокөлігі мұздыӊ астына кеткені туралы хабарлама келіп түсті

Павлодар. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 26 қаӊтар күні сағат 10.30-да бірыӊғай кезекші-диспетчерлік қызметініӊ пультіне Павлодар облысыныӊ Черноярка ауылында Ертістіӊ ескі ағысыныӊ ауданында ВАЗ 2131 Нива автокөлігі мұздыӊ астына кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хабарлама алынғаннан кейін жедел-құтқару жасағы жеке құрамыныӊ 4 адамы және техниканыӊ 1 бірлігі оқиға орнына шықты. Келгеннен кейін екі балықшы автокөліктіӊ терезесінен өздігінен шығып үлгергендігі айқындалды. Көлік толығымен мұз астына кеткен. Зардап шегіп қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта автомобильді көтеріп алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қысқы балық аулау әуесқойларымен кеӊес жүргізілді.

Павлодар облысы ТЖ департаментініӊ тұрақты жүргізетін профилактикалық іс-шараларына қарамастан, балық аулаушылар сақтану шараларын орындамайды, сонымен өздерініӊ өмірлерін қауіпке шалдықтырады.

ТЖ қызметкерлері қауіпсіздіктіӊ қарапайым қағидаларын ұстану және стихиялық орындарда өзен арқылы өтпеу қажет екендігін тағы да естеріне салады.

Павлодар облысы ТЖ департаментініӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны