16.04.2008, 16:33 3293

Есірткімен күрес жөніндегі комитеті қызметкерлері ірі көлемде контрабандалық есірткі арнасына тосқауыл қойды (толықтырылған нұсқа)

Есірткімен күрес жөніндегі комитеті қызметкерлері ірі көлемде контрабандалық есірткі арнасына тосқауыл қойды (толықтырылған нұсқа)

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес жөніндегі комитеті қызметкерлері ірі көлемде контрабандалық есірткі арнасына тосқауыл қойды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткімен күрес жөніндегі және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы генерал -майор Маратқали Нүкенов хабарлады.

М. Нүкенов хабарлағанындай, кеше полиция қызметкерлері Алматы маңында 120 келі героинды тәркіледі. Бұл ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес жөніндегі комитеті қызметкерлерінің Түркия және АҚШ-тың есірткімен күрес жөніндегі басқармасының полиция әріптестерімен бірлесе отырып және Алматы ІІД есірткімен күрес жөніндегі басқармасының қатысуымен өткізілген халықаралық операциясы нәтижесінде жүзеге асырылды.

М. Нүкенов айтқанындай ақпарат бойынша, "аса ірі көлемде есірткі контрабандалық жолмен Түркиядан жіберіліп, Қазақстан арқылы Ресейге жеткізілуі жоспарланған болатын". Героин 81 орамға салынып "Рено" маркалы жүк көлігінің жанар май бағына жасырылған.

АҚШ есірткімен күрес жөніндегі басқармасының өкілі Тимоти Джонс хабарлағанындай, ДЕА бөлімшесі Түрік әріптестерімен қылмыс үстінде ұстап алу үшін аңду шараларын берлесе отырып жасады.

"Ірі көлемде есірткі тасымалданатыны туралы ақпарат келіп түсті. Шығыс Еуропада есірткі партиясын тасымалдап бара жатқан жүк көлігі қолға түсірілді және героин туралы алған ақпаратты казақ әріптестерімізге жібердік ", -деп хабарлады Т. Джонс.

М. Нүкеновтың сөздері бойынша, халықаралық операциясы әлі аяқталған жоқ. "Бүгінгі күні операция аяқталды деп айта алмаймыз. Бұл біз өткізген операцияның тек бір бөлігі ғана. Қазір осыған ұқсас операциялар Түркияда, Шығыс Еуропада өткізіліп жатыр,сондай-ақ Түркия мен Украинада қылмыстарға қатысты барлар тұтқындалуда", - деп атап өтті ол.

ІІМ өкілінің айтуынша, есірткі тасымалын ұйымдастырғандар іздеуде жүр. Олардың қатарында Түркия мен Қазақстан азаматтары бар.

"Бұл жоғары сапалы ауған героині және ол зертханада дайындалғаны анық. Оған сараптама жасалады", - деп атап өтті ол. Оның сөздері бойынша қазақстанның құқық қорғау органдары бірінші рет ауғанстанда жасалып Түркиядан елге жеткізілген есірткіні тәркіледі.

М. Нүкенов хабарлағанындай, тәркіленген героин құны "Алматы аймағында $2 млн бағаланады. Ресей Федерациясының бағалары бойынша $10 млн немесе 500 мың мөлшерге жетеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны