02.04.2012, 11:49 3376

Филиппин жағалауында саяхат кемесі өртке оранды

Филиппин жағалауында "Азамара Квест" деп аталатын саяхат кемесінің машина бөлімінде шыққан өрттен кейін, кеме ағынның күшімен қалқып келеді. Онда 1 мыңға жуық адам бар екені белгілі,- деп жазады Хабар агенттігі.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Филиппин жағалауында саяхат кемесі өртке оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Филиппин жағалауында "Азамара Квест" деп аталатын саяхат кемесінің машина бөлімінде шыққан өрттен кейін, кеме ағынның күшімен қалқып келеді. Онда 1 мыңға жуық адам бар екені белгілі,- деп жазады Хабар агенттігі.

Кемеге ие компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жолаушылар арасынан ешкімге зақым тиген жоқ, алайда өртті сөндіру кезінде экипаждың 5 мүшесі күйік алған. Саяхат кемесі Манила қаласынан 29 наурызда шығып, Сингапурға бет алған болатын. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірше белгісіз. Теңізде өз бетімен қалқып келе жатқан лайнерге Филиппин жағалау күзетінің екі кемесі жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны