03.03.2011, 13:41 4524

Франк-фурт әуежайында белгісіз біреулер АҚШ әскери қызметкерлері отырған автобусқа оқ жаудырған

Франк-фурт әуежайында белгісіз біреулер АҚШ әскери қызметкерлері отырған автобусқа оқ жаудырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - Франк-фурт әуежайында белгісіз біреулер АҚШ әскери қызметкерлері отырған автобусқа оқ жаудырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, немістің Франк-фурт қаласындағы халықаралық әуежайында болған атыс салдарынан бір америкалық жауынгер мен автобус жүргізушісі қаза тапты және тағы 2 адам жараланған.

Германияның қауіпсіздік орындары өкілдерінің хабарлауынша, кейіннен АҚШ әскерилеріне оқ атқан адам Косоводан келген 21 жастағы Ариф Ука есімді адам екені анықталған.

Ол соңғы жылдары Франкфурт әуежайында жұмыс істеген. Германия канцлері Ангела Меркель әуежайдағы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Құрама Штаттар соңғы 20 жылда Германиядағы әскери күштер санын едәуір азайтқаны белгілі. Дегенмен мұнда әлі де АҚШ-тың 50 мың әскері қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны